"Жансая" элиталы санаторийы елімізге танымал, қазіргі таңда жұмыс істеп тұрған, бірегей "Сарыағаш" курортының аумағында, бастау мен курорттық саябақтың жанында орналасқан. Бұл кәміл тыныштық пен тепе-теңдік жағдайында ем қабылдауды қамтамасыз етеді.
Емдік ванналар
"Жансая" санаторийында әр түрлі емдік ванналар түрін ұсынылады:
Минералды ванналар
Минералды ванналар – алғашқы кезекте жүрек-тамыр және жүйке жүйелеріне әсер етеді, жүрек пен буындардың шынығуына ықпал етеді, орталық жүйке жүйесінде процестердің тепе-тең болуына ықпал етеді, зат алмасуының және ішкі секреция бездерінің қалыпты болуын қамтамасыз етеді.
Аромаванналары
Аромаванналары – өсімдіктердің эфирлі майларының емдік қасиеттерін медицина мен косметологияда пайдаланатын ароматерапия түрінің бірі. Ароматерапияның шығу себебі адам ағзасының белсенді биологиялық реттеуіш болып табылатын иістерге бірден жауап қату сынды ерекше қасиетінің арқасында болып отыр.
Меруерт ванналар
Меруерт ванналар – жасанды жолмен әзірленеді. Ол өз атауын ваннадағы ірі ауа көпіршіктері меруертке ұқсап жылтырлауына байланысты алған. "Жанасатын массаж" терінің ауру және жанасу сезімталдығын төмендетіп, сергітетіндей әсер етеді.
Йодобромды ванналар
Табиғатта табиғи йодобромды бастаулар кездеседі. Бірақ, өкінішке орай, біздің қаламыздың тұрғындары оны сол күйінде пайдалана алмайды. Ертеректе, 10-15 жыл бұрын халық йодобромды ванналар туралы білетін еді, ал қазір қымбат болуына байланысты ұмытып кетті. «Жансая» санаторийі, көп күш-жігер мен ақша құртпай-ақ, барлық ағза үшін пайдалы процедураларды бізде қабылдауыңызды ұсынады.
Нафтуся-нафталанды ванналар
Суға барлық асқазан-ішек жол аурулары, бауыр және өтшығару жолдарының аурулары бағынады. Минералды су ас қорыту органдарының ауру салдарынан зақымданған түрлі бөліктерінің белсенділігін қалпына келтіреді.
Бұғымүйіз ванналары
Пантогематогені бар ванналардың, көбінесе бұғымүйіз ванналары деген атпен танымал, негізгі әсері ағзаның ішкі резервтерін жандандыруға және іске қосуға, физиологиялық қызметтерді қалпына келтіруге, иммундық мәртебені көтеруге бағытталған.
Самырсын ванналары
Самырсын ванналары – жалпы күш беруші және тыныштандырушы әсерге ие, тыныс алу органдарының қабыну ауруларын кетіреді, көңіл-күй мен жұмысқа қабілеттілікті жақсартады. Самырсын сергектетуші, жалпы күш беруші, қабынуға қарсы және бактерицидті қасиеттерге ие.
Селенді ванналар
Селен – бұл биологиялық белсенді микроэлемент. Ол көптеген гормондар мен ферменттердің құрамына кіреді және осылайша барлық органдар мен жүйелерге қатысты болады. Селеннің басқа да микроэлементтермен бірге ағзаға келуі, ағзаның қалыпты қызмет етуі үшін қажет.
Күкіртсутегі ванналары
Күкіртсутегі ваннасының белсенді әрекет етуші бастауы күкіртсутегі болып табылады. Ол адам ағзасына тыныс жолдары және тері арқылы келеді. Қанда айнала отырып күкіртсутегі ағзаның түрлі органдарына, жүйелері мен қызметтеріне рефлекторлық-қабылдағыштық әсер етеді.
Скипидар ванналары
Скипидар ванналары ағзаны сауықтырудың әмбебап әдісі. Сізге стрессті жоюға, өзіңізді еркін сезінуіңізге, сергектігіңіз бен жұмысқа қабілеттілігіңізді арттыруға, ағзаның ауруларға төтеп беруге қабілеттілігін арттыруға және көптеген аурулардың емделуін жылдамдатуға көмектеседі.
Көмірқышқыл ванналары
Көмірқышқыл ванналары – бұл температурасы 32-360С болып табылатын көмірқышқыл газы мен жылы судың «сарқыраған» көбіктері тері рецепторларын механикалық түрде жандандырып, тамырларды кеңейтіп, қан айналымын жақсартып, жүйке қызметі мен зат алмасуды қалпына келітіріп, эндокринді бездердің, әсіресе, жыныс бездерін, ынталандыратын процедура.