Соңғы жаңалықтар
Санаторийда емделу
Ауа райы болжамы
21/11 Бс
кеш
+5..+7 °C
ОШ, -1-1 м/с
22/11 Жм
түн
+5..+7 °C
СШ, 1-3 м/с
22/11 Жм
таң
+4..+6 °C
СШ, 2-4 м/с
22/11 Жм
күн
+11..+13 °C
СШ, 4-6 м/с
ГИСМЕТЕО











"Жансая" элиталы санаторийы елімізге танымал, қазіргі таңда жұмыс істеп тұрған, бірегей "Сарыағаш" курортының аумағында, бастау мен курорттық саябақтың жанында орналасқан. Бұл кәміл тыныштық пен тепе-теңдік жағдайында ем қабылдауды қамтамасыз етеді.

Физиотерапия

Физиотерапия – емдеудің белсенді патогенетикалық әдістерінің бірі, ол ісу дистрофиялық процестердің тетіктеріне және функционалдық патологияға бағытталған.

Төмендегі физиотерапия әдістері қолданылады:

Альфа капсула

Бұл медицина, ғылым және инженерлік технология саласындағы соңғы жетістік нәтижесі. Бұл құрылғы ағзадағы сауығу процестерінің жандануына барынша ықпал ететін жағдайларды жасауға мүмкіндік береді. Бұл процедура тұжырымдамасына адамдар бағзы заманда ашқан қағидалар кіреді.

Процедураны өткізу барысында мына әсерлер пайдаланылады: бу, тұман, гидромассажды емдеу – Виши душы және қарама-қайшылы душ (Шотландтық Душ) және инфрақызыл сәулені қайта өңдеу арқылы гипертермия сынды гидротерапевттік технология жиынтығынан тұратын гидрофузионды терапия.

"МАВИТ" аппараты

МАВИТ- қуық түбі безінің қабыну ауруларын жылу-магнитті-тербеліс массажды емдеуге арналған физиотерапевттік аппарат. Бүгінгі таңда МАВИТ өзіне теңі жоқ бірегей физиотерапевттік құрылғы болып табылады. Үш емдік факторды (жылу, магниттік өріс және тербеліс) қолданатын құрылғыны пайдалану қуық түбі безіне кешенді түрде әсер етуге мүмкіндік береді, қуық түбі безінің сырқаттарын емдеуде тұрақты емдік нәтиже береді.

Гальвандау

Тұрақты гальванды токтың биологиялық әсерінің негізінде электролиз процестері, жасушалар мен тканьдерде ион шоғырлануының өзгеруі және үйектелу процестері жатыр. Қан жүргізетін тамырлар кеңейіп, қан айналымы жылдамдатылады, ток әсер еткен жерде биологиялық белсенді заттар қалыптасады, мысалы гистамин, серотонин және т.б. Гальванды ток орталық жүйке жүйесінің функционалды ахуалына қалыпқа келтіретіндей әсер етіп, қан және лимфо айналысын жақсартуға ықпал етеді, коронарлы темарларды кеңейтеді, жүректің функционалды мүмкіндіктерін арттырады, ішкі секреция бездерінің қызметін ынталандырады, жүйке-бұлшық ет аппаратының қозуына әсер етеді.

Электрофорез

Дәрілік электрофорез – ағзаға тұрақты электр тогы мен соның көмегімен ендірілетен дәрілік заттардың мөлшерлі түрде ықпалы. Эпидермисқа (терінің беткі қабатына) ене отырып дәрілік заттар жиналып қалады және бірте-бірте каппилярлық желіге диффундалады. Гальвандауды тағайындау үшін көрсеткіштер: І-ІІ кезеңдегі гипертониялық дерттер, бронхты демікпе, гастрит, колит, асқазан мен ұлтабардың ойық жарасы, перифериялық жүйке жүйесінің бұзылуы, әйелдердің жыныс органдарының аурулары және т.б. Емдеуге қарсы айғақтар: токты жеке өзіндік көтере алмау, жіті іріңді процестер, электродтарды қоятын жердегі терінің бүтіндігінің бұзылуы (жарақатты процестерден тыс), кең таралған сипаттағы тері аурулары (экзема, дерматит) және ауруды сезу сезімінің мүлдем болмауы.

 

Диадинамотерапия және амплипульстерапия

Бұл импульсты токтардың жағымды әсері бар процедура. Бұл токтар айқын ынталандырушы, ауырсындырмаушы, трофикалық әсерге ие, қан айналуды жақсарту ісінуге қарсы және қабынуға қарсы әсерлерге ықпал етеді. Сонымен қатар, қаңқалық және жұмыр бұлшық ет мускулатурасын миоынталандыру жүргізіледі, бұл өз кезегінде – ішек, өт шығару жолдарын және зәрағар ширақтылығын арттырады. Емдеу үшін көрсеткіштер:

  • перифериялық жүйке жүйесінің аурулары (радикулит, неврит, радикулоневрит, симпаталгия, жұлынның зақымдануы)
  • сүйек-бұлшық ет жүйесінің зақымды жарақаттануы
  • артерия мен көктамыр аурулары
  • І-ІІ кезеңдегі гипертониялық аурулар
  • тыныс алу жолдарының қабыну аурулары (бронхты демікпе)
  • асқазан-ішек жолдарының қабыну аурулары
  • ревматоидты артрит, деформацияланған остеохондроз, Бехтерев ауруы
  • әйелдер мен еркектер жыныс органдарының созылмалы аурулары
  • спастикалық ауру, целлюлит

Емдеуге қарсы айғақтар: Ішкі органдардың жіті қабыну аурулары. Онкологиялық аурулар. Қан ағуға бейімділік. Жіті тромбофлебит. Имплантация жасалған кардиостимуляторлар. Гемартрозы бар буын іші сынулар. Әсер ету аймағындағы тері дефектілері. Зәр-тас ауруы мен өт-тас ауруы.

Интерференцтерапия

Бұл импульсті токтар арқылы емдік ықпал ету. Олар гинекологиядағы, неврология және гастроэнтерологиядағы созылмалы қабыну процестері кезінде, аурушаң синдромдарды емдеу үшін тканьдердің түбіне дейін терең оңай енеді. Емдеу көрсеткіштері:

  • Перифериялық жүйке жүйесінің аурулары: радикулит, неврит, радикулоневрит, симпаталгия, жұлын зақымдануы.
  • Сүйек-бұлшық ет жүйесінің зақымды жарақаттануы.
  • Артерия мен көктамыр аурулары.
  • І-ІІ кезеңдегі гипертониялық аурулар.
  • Тыныс алу жолдарының қабыну аурулары.
  • Асқазан-ішек жолдарының қабыну аурулары.
  • Ревматоидты артрит.
  • Деформацияланған остеохондроз, Бехтерев ауруы.
  • Әйелдер мен еркектер жыныс органдарының созылмалы аурулары.
  • Спастикалық ауру.

ОУФк-03 сәулелеуші

ОУФк-03 сәулелеуші қабыну, тері және басқа да бірнеше дерттерді ЕСМ-де және үйде емдеу барысында жалпы сәулелендіруге арналған.

Ультрадыбысты терапия

Ультрадыбысты терапия – бұл әсер ету аумағындағы метоболиттердің микроциркуляциясын күшейте отырып тканьдерге микромассаж жасау, әсер ету аумағындағы концепторлы жүйке өткізгіштерінің компрессиясын азайту, қабыну ошақтарынан жасушалы детритті және патогенді микрофлораны тазарту. Емдеу көрсеткіштері:

  • аурушаңдық синдромы айқын буындардың қабыну және дегенеративті-дистрофиялық аурулары (артрит, артроз, ревматоидты артрит, остеохондроз, периартрит, эпикондилит), сүйек-бұлшық ет жүйесінің зақымдану және жарақаттану салдары (контрактура, тендовагинит);
  • перифериялық жүйкелердің қабыну аурулары (невриттер, невралгия, радикулиттер);
  • тыныс алу органдарының аурулары (бронхит, плеврит);
  • ас қорыту органдарының аурулары (ұлтабардың ойық жарасы, өт жолдары дискинезиясы);
  • зәр-жыныс жүйесінің аурулары (сальпингооофорит, аднексит, жатыр мойыншығының эрозиясы, простатит);
  • ЛОР-органдарының, көз, ауыз қуысының былжыры, склеродермия, трофикалық ойық жара.

Қарсы айғақтар: миокарда инфарктысы, аортаның аневризмі, геморрагиялық инсульт, IV ФК кернеу стенокардиясы, жеке өзіндік көтере алмау, имплантация жасалған кардиостимуляторлар, ішкі органдардың жіті қабыну аурулары, онкологиялық аурулар, гемобластоздпр, жіті тромбофлебит, гемартрозы бар буын іші сынулар.