Соңғы жаңалықтар
Санаторийда емделу
Ауа райы болжамы
21/11 Бс
кеш
+5..+7 °C
ОШ, -1-1 м/с
22/11 Жм
түн
+5..+7 °C
СШ, 1-3 м/с
22/11 Жм
таң
+4..+6 °C
СШ, 2-4 м/с
22/11 Жм
күн
+11..+13 °C
СШ, 4-6 м/с
ГИСМЕТЕО











"Жансая" элиталы санаторийы елімізге танымал, қазіргі таңда жұмыс істеп тұрған, бірегей "Сарыағаш" курортының аумағында, бастау мен курорттық саябақтың жанында орналасқан. Бұл кәміл тыныштық пен тепе-теңдік жағдайында ем қабылдауды қамтамасыз етеді.

Оттегімен емдеу

Оттегі –химияның ең маңызды элементі және Жер бетіндегі көптеген тірі ағзалардың тыныс алуын қамтамасыз етеді. Оттегісіз біз бірнеше минут қана өмір сүре аламыз. Жасушалар мен тканьдер өмір тіршілігіне қажетті өздеріндегі энергияны босата отырып, органикалық заттарды тотықтыру үшін оттегіні пайдаланады. Оттегінің физиологиялық әсері өте көп қырлы, алайда, оның емдік әсерінде маңызды рөлді ағза тканьдеріндегі оттегі жетіспеушілігін орнына қайта келтіру қабілеті атқарады.

Адам ағзасының барлық органдары мен тканьдері қалыпты жұмыс істеуі үшін біздің айналамыздағы ауаның құрамында кем дегенде 21% таза оттегі болуы керек. Үлкен қала – бұл өте жылдам өмір ырғағы (біз күн сайын энергия жоғалтамыз), газдалған ауа (созылмалы гипоксия)! Ірі мегаполис тұрғындарының оттегіне мұқтаждықтары орасан зор. Экологиялық ахуалдың жалпы деңгейде нашарлауы ірі қалаларда ауадағы таза оттегі мөлшері кейде 10-12%-дан артпауына алып келді. Осының салдарынан гипоксия (оттегі жетіспеушілігі) туындайды.

Оттегімен емдеуге арналған көрсеткіштер

  • созылмалы шаршау синдромы
  • иммунитеттің төмендеуі
  • бронхит және пневмония
  • суықтау ауруларының профилактикасы
  • ұйқысыздық
  • тері қартаюының алғашқы белгілерінің көрінуі
  • тері сергектігінің төмендеуі
  • қарқынды физикалық жүктеме

Оттегімен емдеу сізге:

  • зейін қоюға және жадыңызды жақсартуға
  • иммунитетті күшейтуге
  • ұйқыны, ас қорытуды, көз жанарын қалыпты қылуға, терінің қартаю процесін бәсеңдетуге
  • бас ауруы, сақинасынан құтылуға
  • мастықтан бас ауыру синдромын тез кетіруге
  • физикалық жүктемеден кейін күшті қайта қалпына келтіруге
  • ластанған қоршаған орта мен ауаның әсерін төмендетуге
  • жүйке жүйесін тынышталдыруға және тұрақтандыруға мүмкіндік береді

«Жансая» санаторийында оттегімен емдеу

«Біз не жесек біз солмыз» + «Біз немен тысыстасақ біз солмыз»

Медициналық технологияның дамуына орай, сонымен қатар пациенттердің оттегіге деген мұқтаждықтарының артуына байланысты оттегімен емдеу әдісі кең танымалды болып келеді. Бұл әдістің мәні мынада: тазартылған оттегі арнайы маска арқылы мөлшерлі түрде беріледі

Емдеуге қарсы айғақтар

Ұзақ мерзімді оттегімен емдеу жүргізуге ешқандай да қарсы айғақтар жоқ.

Емдеу жиілігі мен ұзақтығы

Оттегімен емдеу курстары күн сайын немесе күн ара 10-15 процедурадан кем жүргізілмеуі керек.