Озокеритпен емдеу
Озокерит (халық арасында оны "қара балауыз", немесе "жердің қатып қалған көз жасы" деп атайды) мұнай қашаннан бері танымал болса, бұл да сол кезден бастап танымал. Негізінен ол шам мен дәрі-дәрмек жасау үшін пайдаланылған. Озокеритті сөзбе-сөз аударғанда «иісі бар балауыз» деген мағына береді. Тиісті өңдеуден өткеннен кейін ол ара балауызына ұқсап, мұнайдың иісі мен икемділігіне тән болады.
Озокерит мыналарды емдеу үшін қолданылады: перифериялық жүйке жүйесінің жітіге жақын және созылмалы қабынған аурулары мен жарақаттары, тіреу-қозғалу аппаратының, байламдардың, бұлшық еттердің ауруы және жарақаттануының салдары, трофикалық жараларды, күйіктер мен жай жазылатын жарақаттар, асқазан-ішек жолының созылмалы ауруы, әйелдердің жыныстық салаларындағы созылмалы аурулар. Емдік тәжірибеде озокерит қабынуға қарсы, ауырғанды басушы, тамырды кеңейтуші, спазмаға қарсы құрал ретінде қолданылады. Сонымен қатар, ол репаративті процестерге ынталандаратындай әсер етіп, тері иммунитетінің спецификалық емес факторларын ынталандырады және байланыс тканьдерінің құрылымды реттелген икемді беріштерін құрады.
«Жансая» санаторийында озокеритті аппликациялардың кюветті әдісі кең қолданысқа ие. Ерітілген озокерит (70-80°С температура) көлемі 20х40 см және биіктігі 3-5 см болатын қаңылтыр кюветке құйылады. Кюветке клеенка төсейді, клеенканың ұштары кюветтен шығып тұруы керек. Озокерит 45-50 °С температураға дейін суытылады, содан кейін оны клеенкамен бірге ауырған жерге қойып, үстін мақталы материалмен жабады. Науқасты көрпемен қымтайды.
Озокеритті бөлімде сізге төмендегілерді ұсынады:
- озокеритті аппликациялар;
- озокеритті вагинальді тампондар;
- озокеритті жылытқыштар;
- парадонтозды озокеритпен емдеу.