"Жансая" элиталы санаторийы елімізге танымал, қазіргі таңда жұмыс істеп тұрған, бірегей "Сарыағаш" курортының аумағында, бастау мен курорттық саябақтың жанында орналасқан. Бұл кәміл тыныштық пен тепе-теңдік жағдайында ем қабылдауды қамтамасыз етеді.
Диагностика
"Жансая" санаторийында келесі диагностикалық процедуралар өткізіледі:
Ультрадыбысты диагностика
Ультрадыбысты диагностика – диагнозды қою және емдеу тактикасын таңдау барысында өте маңызды дәйек. Бұл жоғары деңгейде ақпарат беретін және еш қауіпсіз түрде зерттеу әдісі. Доплерографиялық зерттеуге қосымша ретінде дәрігерге едәуір нақтырақ диагноз қоюға немесе патологияны жіберіп алмауға мүмкіндік береді.
Соңғы жылдары ультрадыбысты диагностика келесі техникалық жетістіктердің арқасында біршама айтарлықтай прогреске жетті: трансректальді және трансвагиналды датчиктерді, Доплер эффектісін (түрлі-түсті, энергетикалық, спектральді доплерография) пайдаланатын әдістемелерді қолдану. В-режимінде және оның модификацияларында (екінші гармоника, В- flow) аспаптардың рұқсат ету қабілеттілігін арттыруға қол жеткізе алдық.
Эзофагогастродуоденоскопия
Эзофагогастродуоденоскопия – диаметрі шағын икемді эндоскопты ауызға ендіру арқылы дәрігерге өңешті, асқазанды және ұлтабарды зерттеуге мүмкіндік беретін әдіс. Іштегі аурудың, құсу мен лоқсудың, ғышылдың, тамақ жұту қиындықтарының себептерін анықтау үшін жасалады. Бұл асқазан-ішек жолдарының жоғарғы бөлімдерінің қанау себептерін анықтау үшін ең жақсы әдіс.
Тексеруді өңешке, асқазанға немесе ұлтабарға жасалған хирургиялық операциялардан кейін, ықтимал асқынуларды ертерек анықтау үшін және былжыр қабығында туындап жатқан өзгерістерді анықтау үшін жүргізуге болады.
Бұл әдіс былжыр қабығындағы қабыну өзгерістерін, жараларды анықтау барысында өзінің дәлдігі жағынан рентгендік тексеруден асып түседі. Бұл ісіктерді ертерек анықтау үшін өте маңызды, себебі, зерттеу барысында тексеріліп жатқан органдардың шаранасын тексеруге және қажет болған жағдайда биопсия (гистологиялық зерттеу үшін шарананы алу) жасауға мүмкіндік береді. Биопсия арнайы құралмен жасалып, Сізде ешқандай да жағымсыз әсер тудырмайды.
Электрокардиография
Электрокардиография неинвазивті тест болып табылады. Оны жасау жүректің жағдайы туралы құнды ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бұл әдістің мәні мынада – жүрек жұмысы кезінде туындайтын электрлік потенциалдарды тіркеу және оларды графикалық түрде дисплейде немесе қағазда көрсету. Бұл әдістен мол ақпарат алуға және қол жеткізуге болады.
ЭКГ құнды диагностикалық аспап. Ол арқылы жүрек соғуы ырғағының (жүргізушінің) көзін, тұрақтылығын, және олардың жиелігін бағалауға болады. Осының барлығы түрлі аритмия диагностикасы үшін үлкен маңызға ие.
Электрокардиографияны өткізуге арналған көрсеткіштер:
Жүрек ауруына деген күдік және осы ауруларға қатысты жоғары тәуекел. Негізгі тәуекел факторлары: гипертониялық ауру, еркектер үшін – 40 жастан асқаннан кейінгі жас, темекі шегу, гиперхолестеринемия, басынан өткерген инфекциялар, жүктілік.
Жүрек аурулары бар аурулардың ахуалының нашарлауы, жүрек тұсында аурудың туындауы, демігудің дамуы немесе күшеюі, аритмияның пайда болуы.
Ішкі органдардың, эндокринді бездердің, жүйке жүйесінің аурулары, құлақ, тамақ, мұрын аурулары, тері аурулары және т.б. жүректің патологиялық процестерге қатысуына күдіктену.
Клиникалық-диагностикалық зертхана
Клиникалық-диагностикалық зертхана – дұрыс диагноз қою үшін және жасалып жатқан емнің тиімділігі мен дұрыстығын бағалау үшін қажетті кең ауқымды зерттеуді өткізуге мүмкіндік береді. Зертханады зерттеудің кең спектрі жүргізіледі: гематологиялық, биохимиялық, иммунологиялық, күкіртті зерттеулік, цитологиялық, қандағы гормондар құрамы, урогенитальді инфекциялар диагностикасы, простатаның функционалды жағдайына диагностика жасау.