Диетотерапия
Емдік (диеталық) тамақтану – емдік-профилактикалық мекемелерде түрлі ауруларды кешенді түрде емдеудің, сондай-ақ, емдеу-сауықтыру іс-шараларының ажырағысыз бөлігі.
«Жансая» санаторийінде емдік тамақтану мәселесіне өте үлкен маңыздылық береді. Тиісті диетаны сақтау науқастардың ахуалын жақсартып, аурудың қайталану мүмкіндігін азайтып, санаторий-курорттық емдеудің тиімділігін арттырады. Кейбір асқазан-ішек жолы ауруларында емдік тамақтану жалпы емдік кешен ішінде жетекшісі болып, басқа емдеу әдістеріне қарағанда едәуір емдік әсер етеді. Емдік тамақтануды ұйымдастыруда ең негізгісі ол оның режимі. Асқазаны, ішегі, бауыры және өт жолдары ауыратын науқастар үшін бұл ерекше маңызды болып келеді.
Курорт санаторийлерінде тамақтану тағамға алдын ала тапсырыс беру жүйесі бойынша ұйымдастырылған: ауру адам өзіне белгіленген диета шеңберінде (меню бланктерінде көрсетілген) қандай да бір тағамға сол күні тапсырыс бере алады. 4 және 5 мезгіл тамақтануға қоса науқастарға ұйықтар алдында айран беріледі. 6 мезгіл тамақтану, «бөліктерге бөлінген» тамақтану, (8.30, 11.30, 13.30, 16.00, 18.30, 21.00) кезінде науқастарға сондай-ақ айран беріледі.
Емдік тамақтану міндеттерінің бірі науқасты бірте-бірте жалпы рационды тамақтануға өткізуге дайындау. Емдеу барысында түрлі аурулар бойынша «жеңілдік» күндерді ендіру жақсы нәтиже береді. Алма, қант, сүт, жемісті-сүзбелі және басқа да күндер, әдетте аптасына бір рет (күн).
Санаториялық емделу курсы аяқталып науқасты шығарған кезде емдеуші дәрігер үйде тиісті диетаны, тамақтану режимін ұстануға кеңес береді. Үй шарттарында дәрігер белгілеген тамақтану және диета режимін сақтау курортық емделу нәтижесін ұзақ уақытқа дейін бекітуді қамтамасыз етеді.