Соңғы жаңалықтар
Санаторийда емделу
Ауа райы болжамы
22/11 Жм
түн
+5..+7 °C
СШ, 1-3 м/с
22/11 Жм
таң
+3..+5 °C
СШ, 1-3 м/с
22/11 Жм
күн
+9..+11 °C
СШ, 4-6 м/с
22/11 Жм
кеш
+4..+6 °C
СШ, 1-3 м/с
ГИСМЕТЕО











"Жансая" элиталы санаторийы елімізге танымал, қазіргі таңда жұмыс істеп тұрған, бірегей "Сарыағаш" курортының аумағында, бастау мен курорттық саябақтың жанында орналасқан. Бұл кәміл тыныштық пен тепе-теңдік жағдайында ем қабылдауды қамтамасыз етеді.

Көмірқышқыл ванналары

Көмірқышқыл ванналары – бұл температурасы 32-360С болып табылатын көмірқышқыл газы мен жылы судың «сарқыраған» көбіктері тері рецепторларын механикалық түрде жандандырып, тамырларды кеңейтіп, қан айналымын жақсартып, жүйке қызметі мен зат алмасуды қалпына келітіріп, эндокринді бездердің, әсіресе, жыныс бездерін, ынталандыратын процедура, сонымен қатар, кардиотониялық әсер етеді.

  • Жүрек-тамыр жүйесінің аурулары - жүректің ишемиялық ауруы, айығу фазасындағы миокарда инфарктысы, 1,2-кезеңдегі гипертониялық аурулар, симптоматиялық артериальді гипертония, жүрек ақаулары, аяқтар буындарының атеросклерозын тығындайтын гипотониялық, кардиалық, аритмиялық және аралас нұсқалар бойынша нейроциркуляторлық дистония, тромбофлебиттер
  • Тыныс алу органдарының аурулары - созылмалы бронхит, бронхты демікпе, пневмосклероз, өкпелердің эмфиземасы
  • Зат алмасудың бұзылуы және эндокринді аурулар - 1,2,3 кезеңдегі экзогенді-конституциональдық май басу, жеңіл және орташа ауыр ағымдағы қант диабеті, миокардодистрофиясы бар гипотериоз, етеккір циклының бұзылулары бар климакс
  • Тіреу-қозғалу аппаратының аурулары - алмасу-дистрофиялық полиартрит, подагра, деформациялайтын остеоартроз, ревматикалық полиартрит, Бехтерев ауруы, омыртқа остеохондрозы (радикулит, протрузия, диск жарықтары)
  • Жүйке жүйесінің аурулары - энцефалопатия (атеросклероз, гипертониялық аурулар)
  • Бүйректер мен зәр шығару жүйесінің аурулары - созылмалы простатит, созылмалы пиелонефрит
  • Тері аурулары - псориаз, нейродермит, экзема
  • Спорттық жарыстарға дайындық кезеңі
  • Акклиматизация
  • Зақымданудан кейінгі науқастарды қайта-қалпына келтіру

Емдеуге қарсы айғақтар

  • Тұрақсыз стенокардия, рецидивті миокарда инфарктысы
  • Кез-келген жіті аурулар
  • Жүктілік
  • Ми қан айналымының жіті бұзылулары
  • Бүйрек және бауыр жетіспеушілігі