"Жансая" элиталы санаторийы елімізге танымал, қазіргі таңда жұмыс істеп тұрған, бірегей "Сарыағаш" курортының аумағында, бастау мен курорттық саябақтың жанында орналасқан. Бұл кәміл тыныштық пен тепе-теңдік жағдайында ем қабылдауды қамтамасыз етеді.
"Жансая" санаторийы
"Жансая" санаторий-профилакторийі 2007 жылдан бастап жұмыс істейді және атақты, қазіргі таңда жұмыс істеп тұрған, бірегей "Сарыағаш" курортының орталық кіріберісінде орналасқан.
"Сарыағаштың" минералды қайнар көздері 1949 жылы мұнай іздеу барысында ашылған. 1100 метр тереңдікке қазылған ұңғымалардың бірінен атқылап ағатын ыстық минералды су шыға бастады. Шөлді жерде осындай зор ыстық бастаулардың ашылуы түрлі ауруларды емдеу үшін адамдар легін әп-сәтте тарта бастады.
«Жансая» санаторийы кәміл тыныштық пен тепе-теңдік жағдайында ем қабылдауды қамтамасыз етеді (ауруларды процедураларға шақыру әрбір бөлмеде ортанылған ішкі телефон арқылы жүзеге асады). Бір мезетте 40 адамға дейін қабылдауға есептелген.
Еуропалық стандарттарға сай ыңғайлы бір-екі орынды люкстер мен жартылай люкстер заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған, және сізді өзінің жайлылығымен және ығайлылығымен қуантады.
«Жансая» санаторийында емдеу минералды судың адам ағзасына өте күшті әсер етуіне бейімделіп жасалады. Біздің санаторийда жоғары білімді, білікті дәрігерлер жұмыс істейді: терапевт, гастроэнтеролог, уролог, гинеколог, окулист, медбикелердің орта медициналық білімі бар.
Санаторияның бейне презентациясы
Сіз роликті (13 Мб) өз компьютеріңізге жүктеп ала аласыз